Жаңалықтар

02.10.2017
«Ардагерлер – Мектеп оқушылары» шахмат турнирі

«Ардагерлер – Мектеп оқушылары» шахмат турнирі

            Ағымдағы жылдың 1 қазанында Қарттар күні атап өтілген болатын. Саран қаласының шахматшылары да бұл мерекені атап өтуден тыс қалмады. Сол күні шахматтың ардагерлері Саран қаласының БЖО «Белая ладья» шахмат клубының қатысуышыларымен тәжірибкелерімен бөлісуге және шеберлік сыныбын беруге барды. Қаланың шахматтық қозғалысыны ардагерлері, оқушылар, сондай-ақ жас шахматистер бас қосқан қызықты турнир болды.

Біздің ардагерлер – Аминов Фархат, Қүнанбаев Аблай, Калашников Николай – өте мықты әрі қызықты ойын көрсетті. Шахмат клубының қатысушыларына өздерінің шеберліктерін жетілдіру үшін не істеу керектігін түсіндірді.

            Оқушылар арасында жақсы ойын көрсеткендерден Кеңесбек Рауанды, Кондратков Романды, Динкель Артурды, Шагабудинов Алексейді атап өтуге болады. Бастаушылар тобында жеңіске деген ұмтылыстарын көрсете білгендер – Романов Илья, Карлин Никита, Горбунов Данил.

            Жеңімпаздар «Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ грамоталары және медальдарымен марапатталды.

 

 


Вернуться назад