Республика жаңалықтары

03 Тамыз 2020 09:49
COVID-19: 3 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

Оның ішінде 499 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 221 / 87

Алматы қаласы - 207 / 94

Шымкент қаласы - 31 / 24

Ақмола облысы - 57 / 33

Алматы облысы - 33 / 22

Атырау облысы - 30 / 28

Шығыс Қазақстан облысы - 102 / 34

Жамбыл облысы - 48 / 32

Батыс Қазақстан облысы - 69 / 42

Қарағанды облысы - 88 / 25

Қостанай облысы - 58 / 35

Қызылорда облысы - 7 / 5

Маңғыстау облысы - 12 / 1

Павлодар облысы - 30 / 8

Солтүстік Қазақстан облысы - 55 / 11

Түркістан облысы - 21 / 18

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 92 662.


Ал Қазақстанда өткен тәулікте 672 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 40

Алматы қаласы - 7

Шымкент қаласы - 11

Ақмола облысы - 53

Ақтөбе облысы - 17

Атырау облысы - 44

Шығыс Қазақстан облысы - 29

Батыс Қазақстан облысы - 18

Қарағанды облысы - 40

Қостанай облысы - 42

Қызылорда облысы - 7

Маңғыстау облысы - 7

Павлодар облысы - 356

Түркістан облысы - 1

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 62 511.


Коронавирус әлемде

Джонс Хопкинс институтының мәліметі бойынша әлем бойынша Covid-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 18 миллионға жуықтады, 685 мыңнан астам адам өлімі тіркелген. Індет бірнеше елде белсенді түрде таралып жатыр. Олардың қатарында Австралия, АҚШ, Оңтүстік Африка мен Үндістан бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Сиагенттігіне сілтеме жасап.

Австралияның Виктория штатында инфекцияға шалдыққандар статистикасы күрт артып, аясында апат режимі жарияланды. Мұнда соңғы тәулікте 671 адамның ауру жұқтырғаны расталды.

Штаттың астанасы Мельбурнде 4-ші деңгейдегі сақтық шаралары енгізілді. Аталған шектеу шарасына сәйкес, тұрғындарға тұратын жерінен 5 шақырым радиуста азық-түлік алу немесе спортпен шұғылдану үшін ғана үйден шығуға рұқсат етіледі. Бұл шектеулер кем дегенде 6 аптаға созылады.

Ресейде жексенбі күні вирус жұқтырудың 5 427 жаңа жағдайы тіркелді. Індет тарағалы 850 мыңнан астам адам ауруға шалдыққан. Ресей ауру жұқтырғандар саны бойынша әлемде төртінші орында тұр.

Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде Covid-19 вирусынан 200 мыңнан астам адам көз жұмған. Олардың басым көпшілігі, шамамен 75%-ы Бразилия мен Мексикадан.

Оңтүстік Африкада 500 мыңнан астам адам індетке шалдыққан.

Үндістанда үшінші күн қатарынан ауру жұқтырғандар саны 50 мыңнан асты.

АҚШ-та Дональд Трамп ресми түрде президенттікке үміткер деп жариялануы тиіс республикалықтардың сайлауалды съезі коронавирусқа байланысты тарихта алғаш рет журналистер үшін жабық режимде өтетінін мәлім етті. Ол 24 тамызда Солтүстік Каролина штатының Шарлотт қаласында 336 делегаттың қатысуымен өтеді.

Иранда өткен тәулікте ауру жұқтырған 2 685 науқас анықталды. Бұл – бір ай ішіндегі ең жоғары өсім көрсеткіші.